Сабақтан кейін мектеп-гимназияда дәстүрлі, Мұғалімдер күніне арналған, мерекелік концерт өтті, оған барлық ұстаздар шақырылды. Мектеп-гимназия директоры Исмагулова Мария Кариевна әріптестерін құттықтап, Тілеген Жанботаевич Искаковқа Айыртау аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасын, Ақерке Ақылбековна Болатова мен Анжелика Аркадьевна Ивановаға жауапкершіліктері, шығармашылықтары және көп жылғы еңбектері үшін Алғыс хат табыс етті.
Коровина Елена Александровна, кәсіподақ комитетінің төрайымы, жаңадан келген мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Одан кейін жас әріптестеріміз ән шырқап, театрландырылған миниатюралар мен билер көрсетті.
Бұл тамаша күз күні біздің мектеп-гимназияда өте көңілді өтті.
Аскар Айгуль Отызбаевна директордың оқу жөніндегі орынбасары.