2023 жылғы 1 маусымда №2 Саумалкөл мектеп-гимназияда 1-11 сыныптардың оқушылары арасында салтанатты жиын өтті. Кезекті оқу кезеңін аяқтаудың символы ретінде - соңғы қоңырау соғылды. Бұл мереке 11-ші сыныпты бітіргендер үшін ерекше маңызға ие.
Мектеп директоры Мария Кариевна Исмагулова, аудан әкімінің орынбасары Жаксылык Мейрханович Жусупов құттықтау сөз сөйледі. Ата-аналар атынан Ерлан Кабдуович Казбеков және Олег Николаевич Иноземцев жас түлектерге өз жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Бұл күні мектептің мерекелік безендірілген мәжіліс залында 11-ші сыныптардың іс-шарасының бейресми бөлігіне: оқушылар, сынып жетекшілері Елена Александровна Коровина және Гулдария Сабыровна Каирлинова, мұғалімдер, ата-аналар, шақырылған қонақтар жиналды.
Іс-шара жарқын және қызықты өтті. Мектеп күндерін еске алу үшін мектеп өмірінің қызықты үзінділері бар фотосуреттер қаралды.
Түлектерімізге ҰБТ тапсыруда сәттілік, ашық аспан, жарқын күн, жақсы көңіл-күй тілейміз!
Алмагуль Тулеуовна Шахметова, ТЖ директордың орынбасары.