Меню KDT

logo.png?_=1675687134

№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru

  • «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына»

    07.03.2023 ж.
    «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады. Мен сіздерге кітап оқудың біраз пайдасы жөнінде айтып өтпекпін.
    Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың.
    Есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да, кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уайымыңды басады.
    Талдауға, сараптауға, пікір қалыптастыруға үйретеді. Ми үшін кітап оқу – бұл да денеге жасалған физикалық жаттығу есебі. Кітап оқу – табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сөздік қоры көбейе түседі.
    Біз бүгін сіздерге кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып көрейік. Түртіп алыңыз.
    1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
    2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
    3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
    4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
    5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
    6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
    7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. Мектеп-гимназиясы оқушылары кітап оқуға көп көңіл бөледі. Бос уақыттарын мектеп кітапханасында өткізеді.

    24.03.2023
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки