орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Викторовна Водовозова 8 "А" сыныбында пікірсайыс ойынын өткізді
Бүгін, яғни 2 ақпан күні №2 Саумалкөл мектеп -гимназиясында экологиялық тәрбие аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Викторовна Водовозова 8 "А" сыныбында пікірсайыс ойынын өткізді. Ойын БПФ (Британдық парламенттік форматында) өтті. Онда, өз шешімінің дұрыстығын төрт топ дәлелдеу керек болды. Оқушылар "Бұл палата адамдарға сирек кездесетін табиғи жерлерге баруға тыйым салады" бойынша пікірталас жүргізді. Үкімет ретінде: Кирилл Яковлев, Алексей Шевченко, Ксения Устенко, Лейла Жусупова сөз сөйледі. Оппозиция: Иван Шимко, Аян Айтбаев, Ангелина Сушкова, Алина Шестакова болды. Ойынның бас төрешісі, 10 "В" сынып оқушысы, аудандық дебат жарыстарының жеңімпазы – Екпін Әділет. "Үздік спикер" атағымен Алина Шестакова марапатталды.
Алмагуль Тулеуовна Шахметова, ТЖ директордың орынбасары.