2023 ж. 12 қаңтар күні №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында кәсіподақ ұйымының төрайымы Коровина Елена Александровна мерейтой иесі - Кузина Светлана Александровнаны туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі №2 мектеп-гимназиясының әкімшілігі
3 «Г» сынып мұғалімі Камарланова Г.К. жаратылыстану пәнінен «Топырақтың құрамы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Гульмира Куанышпаевна «Аялы алақан», «Менің затым» әдістер арқылы оқушыларды қызықтыра білді және де «Мен зерттеушімін» әдістерін қолданып, оқушылармен зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2023 жылғы 12 қаңтарда № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында сынып жетекшісі Елена Викторовна Водовозова 8 "А" сынып оқушыларымен "Волонтер – бұл кім?" сынып сағатын ұйымдастырып, өткізді. Балалар белсенді қатысты.
№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар арасында өтіп жатқан онкүндік аясында бүгін 1 «Б» сынып мұғалімі Именалинова А.К. математика пәнінен «Қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қашықтықтан «Zoom» платформасы арқылы өтті. Сабақ барысында Асем Куанышевна «Адасқан сандар», «Кім шапшаң?» «Ашық хат» әдістерін қолданып, оқушыларға « Сандарды өсу ретімен орналастыр», «Байланысты мысалдар құрастыр» атты қызықты тапсырмалар орындатты. Бағалау, кері байланыс жасауда «Бас бармақ» әдісін қолдарып, оқушылар өздерін бағалады.
2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптардың онкүндігі басталды. Онкүндікті өткізу принципі - әр бала осы күндері барлық іс-шараға белсенді қатысуы керек. Оқушылр әртүрлі іс-шараларда өз күшін сынап көре алады: есептер мен мысалдарды шешу, жазу, қолөнер жасау, қиялдау, идеяларды ұсыну, оларды жүзеге асыру, сурет салу, жұмбақ жасау (ойлап табу) мен жұмбақтарды шешу. Бірінші күн «Қысқы ойын-сауық» суреттер байқауынан басталды.
№ 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында қысқы демалыста кітапханада "Кітап ауруханасы" игі істер акциясы өтуде. Оқушылар белсенді қатысып жүр. Бұл акцияның мақсаты - балаларды кітапқа ұқыпты қарауға үйрету, кітапханада бар ескірген, жыртылған кітаптарды жөндеу және сақтау. Кітапханашы Н.С. Шихова балалармен желім, скотч, қағаз, өшіргіш және қайшы сияқты қарапайым құралдардың көмегімен кітаптың "өмірге қайта оралуының" құпиясымен бөлісті. Осылайша, акция қорытындысы бойынша 10 "пациент" емделді. Ойын барысында балалар өз жұмыстарының маңыздылығын сезінді және