2023 жылдың 21 қарашасында Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары Ш. Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуіне қатысты.. Балалар университет тарихымен танысты, оқуға түсу ережелері, жаңа факультеттердің ашылуы туралы білді . Түлектерге университет таныстырылып, әскери кафедраға қалай түсу керектігі, конкурсқа құжат тапсыру кезінде нені ескеру керектігі, оқуға қолайлы жағдайлар мен кейін жұмысқа орналасу туралы ақпарат берілді.
Сауле Авбакировна Максутова , директордың ТЖ орынбасары.