2023 жылғы 11 мамырда №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның базасында өткен
«Кәсіби желі жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетін жандандыру» атты аудандық іс-шара алаңы шеңберінде «Мұғалімдердің ынтымақтастықтарының негізінде сабақтарды зерттеп, кәсіби шеберліктерін арттыру» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда қатысушылар Lesson Study педагогикалық тәсілін талқылады. Ауданның 45 білім беру ұйымынан 60-тан астам педагог қатысты, магниттік мектептердің директорлары мен мұғалімдері.
Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар байқау сабақтарын көре алды, ал, екінші бөлімде фокус-топтар практикалық мәселелерді қолдана отырып, өз тәжірибелерімен, жетістіктерімен бөлісті. Жұмыс төрт алаңда ұйымдастырылды. Жұмыс алаңдарының модераторлары мектеп-гимназияның фокус-топтарының жетекшілері мен қатысушылары Алимгиреева Л.М., Алибекова Г.Т., Гордеева С.В., Қазыбаева Г.С., Иванова А.А., Искакова А.К., Нұрмухамбетова Г.К., Жакенова А.С. болды.
Іс-шараның қорытындысында педагогтар оқыту практикасында қолдана алатын әдістемелік сүйемелдеулерді ұйымдастырып, мектеп басшыларына ұсынды.