8 Наурыз - көктемнің ең таңғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше күн, өйткені күн сәулесімен, әйелдердің күлімсіреуімен жылытылады, оларды ерекше қуантады. Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның нәзік жандары үшін мерекелік концерт өтті.
Жиналғандардың барлығын келе жатқан мерекемен мектеп-гимназияның директоры Мария Кариевна Исмагулова құттықтады. М. Исмагулова өз сөзінде мектеп-гимназияның әйелдері құрметке лайық екенін атап өтті. Нәзік жандарға мықты денсаулық, бақыт пен өмірлік қуат тіледі. Білім бөлімінің Құрмет грамотасымен Н.Терещенконы марапаттады, мектеп-гимназияның Құрмет грамоталарымен А.Аукенова, Е.Водовозова, А.Болатова, Н.Дельді марапаттады. Алғыс хаттармен Г. Можаева, К. Баймолдина, К. Даирова, Л. Филипьева, Т. Шестопалованы марапаттады.
Әйелдерге: Оразғали А.М. «Ана тұралы жыр»; Бекмағамбет Ж.К. «Шоколад»; Идаятов А.С. «Помолимся за родителей»; ерлер вокалдық тобы «Анашым» ; Шамшуалиев Ж.А. "Вальс" атты музыкалық құттықтауларын сыйлады. Концертке 10-11 сынып оқушылары мен мектеп-гимназияның Парламенті қатысты, сахнадан балалар көріністер көрсетті, флешмоб билеп, «Той жыры» әнін шырқады.
Мерекелік концерт көрермендерге жағымды эмоциялар қалдырып, жақсы деңгейде өтті. Біз барлық әйелдерге өмірлерінің әр күні осы керемет көктем мерекесі сияқты болуын тілейміз. Өмірлері ризашылық пен құрметке, сүйіспеншілік пен нәзіктікке толы болсын!