Меню KDT

logo.png?_=1675687134

№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru

  • Vape-денсаулыққа қауіпті!!!

    Vape-денсаулыққа қауіпті!!!
    (Ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама)
    1.Электрондық темекі туралы нақты түсінік қалыптастыру үшін әлеуметтік педагог Г.Н. Ушакова электронды темекіні теріс пайдалану және оның салдары туралы ақпаратпен танысу мақсатында 5-11 сыныптар арасындағы оқушылар мен ата – аналар чаттарына "Вейп-денсаулыққа қауіпті" жадынамасын жіберді.
    2. Толеранттылықты арттыру және оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарындағы жанжалдардың алдын алу мақсатында "Жасөспірімдерге арналған буллинг туралы" (7-10 сыныптар) жасөспірімдер чаттарына презентация түрінде ақпарат жіберілді.
    Жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Никотин де қосуға болады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті.
    Вейпте 31 қауіпті зат бар
    Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында бірнеше зат бар. Олар:
    • Глицерин;
    • Пропиленгликоль (Е1520);
    • Хош иісті қоспалар;
    • Никотин (кей кезде қосылмайды).

    Вейперлер электронды темекінің зияны жоқ деп ойлайды. Себебі оны шеккенде шайыр бөлінбейді. Дегенмен Беркли университетіне қарасты Лоурен атындағы ұлттық зертхана мамандары вейптен уытты заттардың бөлінетінін анықтады. Буда 31 қауіпті зат болады. Оған қоса, хош иісті сұйықтықты көп жағдайда қолдан жасайды. Содан бағасы да арзан. Ал аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятор жарылып кетуі де мүмкін.
    Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, уытты химикаттардың бірі – диацетил. Ол хош иістендіргіштердің 75 процентінде болады. Оны тамақ өнеркәсібі де пайдаланып жатады. Бірақ деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронхшалар тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Олар:
    • Пропиленгликоль ағзада жиналып, аллергиялық реакцияларды қоздырады. Бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді;
    • Пропиленгликоль мен глицерин ыдырғаннан кейін акролеин мен формальдегид қалады. Акролеин көздің шырышты қабығына әсер етсе, формальдегид жүйке жүйесіне салмақ түсіреді;
    • Никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады;
    • Құрамында никотині бар буды көп жұта берсе, адамның жүрегі айниды, басы айналады. Ас қорыту жүйесі бұзылып, іші өтеді.
    Ал бір вейпті бірнеше адам қолданған жағдайда гепатит, туберкулез сияқты аурулар таралуы мүмкін. Жүкті әйелдерге, аллергиямен ауратындарға және кәмелет жасқа толмаған балаларға вейп шегуге болмайды.
     
    27.02.2023
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки